English words, vocabulary, audio dialogues, tests. Offline, in Kazakh.
Ағылшын тілін нөлден бастап, қазақ тілінде үйреніңіз. Барлық сабақ пен сөздік интернетсіз де жұмыс істейді — жолда, ауылда, ұшақта да оқи бересіз.
🗣 ТІЛАШАР — КҮНДЕЛІКТІ СӨЙЛЕМДЕР
Танысу, сәлемдесу, дүкен, дәрігер, әуежай, қонақүй, көлік, мейрамхана — өмірде керек тақырыптар бойынша мыңдаған дайын сөйлем. Әрқайсысының қазақша аудармасы бар, бір рет басып дауыстап тыңдай аласыз.
🎧 АУДИО ДИАЛОГТАР МӘТІНІМЕН
Нағыз ағылшын сөйлеуін тыңдап, сол сәтте мәтінін оқып отырыңыз. Есту қабілеті мен айтылым осылай жылдам жақсарады.
📚 СӨЗДЕРДІ ҮЙРЕНУ — КАРТОЧКАЛАР
Сөздер тақырып бойынша бөлінген: тағам, отбасы, жұмыс, саяхат, табиғат, дене мүшелері және т.б. Карточка әдісімен үйреніп, өтілген сөздерді бекітіп отырасыз.
🔤 ЕҢ ЖИІ ҚОЛДАНЫЛАТЫН 1000 СӨЗ
Ағылшын тіліндегі мәтіндердің басым бөлігі осы 1000 сөзден тұрады. Соларды меңгерсеңіз — күнделікті сөйлесуге негіз дайын.
📖 БҰРЫС ЕТІСТІКТЕР
Ағылшын тілінің ең қиын тұсы — бұрыс етістіктер. Толық кесте, үш формасы, аудармасы және айтылымы бір жерде жинақталған.
🎮 ТЕСТТЕР МЕН МИНИ-ОЙЫНДАР
• «Иә немесе жоқ» — аударма дұрыс па, жоқ па?
• «Сөздерді сәйкестендір» — сөз бен аударманы жұптау
• Жылдамдық тесті — уақытқа қарсы ойна
• Тілашар мен сөздер бойынша тесттер
Ойнай отырып үйрену — есте сақтаудың ең тиімді жолы.
💬 МАҚАЛ-МӘТЕЛДЕР МЕН ҚЫСҚА ӘҢГІМЕЛЕР
Ағылшын мақал-мәтелдері мен деңгейге лайық қысқа әңгімелер. Оқу дағдысын дамытып, тілдің «жанды» түрін сезінесіз.
⭐ ЫҢҒАЙЛЫ МҮМКІНДІКТЕР
• Толық қазақ тіліндегі интерфейс
• Интернетсіз жұмыс істейді — трафик кетпейді
• Кез келген сөз бен сөйлемді іздеу
• Ұнағанын «Таңдаулыларға» сақтау
• Дауыстап оқу (айтылым)
• Түнгі режим — көзге жайлы
• Мәтінді бір басып көшіру және бөлісу
👤 КІМГЕ АРНАЛҒАН?
• Ағылшын тілін нөлден бастап үйренушілерге
• Мектеп оқушылары мен студенттерге
• ҰБТ мен емтиханға дайындалушыларға
• Шетелге саяхат немесе жұмысқа шығатындарға
• Сөздік қорын күнде 10 минуттан толықтырғысы келетіндерге
📵 ЖАРНАМАСЫЗ РЕЖИМ
Қаласаңыз, бір реттік немесе жылдық сатып алу арқылы баннер, экранаралық және ашылу жарнамасын толық өшіріп, тыныш ортада үйрене аласыз.
Күніне 10 минут — бір айдан кейін айырмашылықты өзіңіз байқайсыз. Қазір жүктеп алып, бүгіннен бастаңыз!
Пікіріңіз бен ұсынысыңызды поштаға жазыңыз — қолданбаны бірге жақсартамыз.