Create a school timetable in minutes: color table, Excel, pricing
Қоңырау — мектептерге арналған сабақ кестесін құрастыру жүйесі. Оқу ісінің меңгерушісі бір аптада істейтін жұмысты бір сағатта бітіріңіз.
НЕ ІСТЕЙДІ
• Кестені құрастыру — сабақты тізімнен таңдап, ұяшықты түртіп қоясыз. Қайшылықтарды жүйе өзі тексереді: бір мұғалім екі жерде тұра алмайды, сынып бір уақытта екі сабақ ала алмайды.
• Автотолтыру — қалған сабақтарды бір батырмамен жүйе өзі орналастырады: күндерге тең бөледі, терезелерді азайтады.
• Түсті кесте — әр мұғалімнің өз түсі бар, кесте бір қарағанда оқылады.
• Топқа бөлінген сабақтар — ағылшын, информатика сияқты пәндерде 1-топ / 2-топ мұғалімдері бір ұяшықта қатар тұрады.
• Қолжетімсіз уақыт — мұғалімнің бос емес уақытын белгілеп қойсаңыз, жүйе ол жерге сабақ қоймайды.
• Excel экспорт — барлық сынып бір файлда, әр мұғалімге жеке кесте, түстерімен. Тарификация есебі де Excel-ге түседі.
• Жариялау сілтемесі — дайын кестені бір сілтемемен бүкіл ұжымға таратыңыз. Мұғалімдер тіркелусіз, телефоннан ашып көреді.
• Тарификация — жүктеме, санат, өтіл бойынша айлық және жылдық қор автоматты есептеледі.
КІМГЕ АРНАЛҒАН
Мектеп әкімшілігіне: директор, оқу ісінің меңгерушісі, кесте жасаушы. Аккаунтты Қоңырау командасы мектепке ашып береді — qonyrau.kz сайтынан хабарласыңыз.
Деректеріңіз қорғалған: әр мектеп тек өз деректерін көреді, барлығы шифрланған байланыспен сақталады.
Yang baru
Жаңа нұсқада:
• Жазылымды қолданбаның ішінен рәсімдеу
• Демалыс күндері — әр мұғалімге аптада бір бос күнді бір экраннан беру
• Бүкіл мектепті автотолтыру: ауысымдар, СанПиН қиындық шкаласы, тәрбие сағаты дүйсенбі 1-сабаққа
• Excel: әр сабақ өз ұяшығында, мұғалім атымен/атсыз шығару
• Қате хабарлары нақты: неге қойылмайды және не істеу керек
• Толық қазақ/орыс тілі
• Тұрақтылық түзетулері