Sign up for a driving lesson: choose an instructor and find a convenient time
«Авто Вождение» — жүргізу сабағына жазылатын қолданба. Оқушы инструкторды және бос уақытты таңдайды, орын бірден бекітіледі — қоңырау шалудың да, растауды күтудің де қажеті жоқ.
ОҚУШЫЛАРҒА
• Қалаңызды таңдап, барлық инструкторды көріңіз: тәжірибесі, көлігі, беріліс қорабы, сабақ бағасы.
• Инструктор бойынша да, бірден ыңғайлы уақыт бойынша да іздеуге болады — кім бос екенін қолданба өзі көрсетеді.
• Инструктормен алдын ала хабарласыңыз: WhatsApp немесе қоңырау — бір басу.
• Уақыт лезде сіздікі болады, оны басқа ешкім ала алмайды.
• Барлық сабақ «Жазылуларым» бөлімінде. Қажет болса өзіңіз болдырмайсыз.
• Сабақтан кейін пікір қалдырыңыз — ол басқа оқушыларға инструктор таңдауға көмектеседі.
• Автошколадан промокод бар ма? Уақыт таңдағанда енгізіңіз — сабақ тегін болады.
ИНСТРУКТОРЛАРҒА
• Кестені өзіңіз жүргізесіз: жұмыс күндерін, сағаттарын және түскі үзілісті белгілейсіз. Бірнеше күнді саусақпен сүйреп бірден таңдауға болады.
• Сабақ бағасын өзіңіз қоясыз, қалаған кезде өзгертесіз.
• Барлық жазылу бір тізімде, күн бойынша сүзгісі бар: бүгін, ертең, кез келген күн.
• Ертеңгі сабақты еске салыңыз — бір басу дайын хабарламамен WhatsApp ашады.
• Клиентті өзіңіз жазасыз: таныс қоңырау шалып «орын алып қойшы» десе, қолмен қосасыз.
• Өз суретіңіз бен көлігіңіздің суретін қосыңыз — оқушылар сізді жиірек таңдайды.
• Серіктес автошколаларға арналған промокодтар: код шығарып, неше адамға және қай сағаттарда жарамды екенін бекітесіз. Қанша орын қалғаны мен кім келгені көрініп тұрады.
ЫҢҒАЙЛЫ
• Толығымен қазақша және орысша — тіл кез келген экраннан бір басумен ауысады.
• Қарапайым әрі жылдам интерфейс, кез келген Android-та жұмыс істейді.
• Телефон нөмірімен тіркелу, артық дерек сұралмайды.
Инструктор болу үшін қолданбадан өтініш жіберіңіз: ЖСН, көлік туралы мәлімет, инструкторлық сертификат және автошколамен келісімшарт қажет. Әкімшілік құжаттарды тексеріп, рұқсат ашады.
מה חדש
• Енді қалағаныңызша жазыла аласыз — алдыңғы сабаққа барғанын күтудің қажеті жоқ.
• Водительдерге: клиент жазылған уақыт енді «бос» болып көрінбейді, жазу терезесі тірі жаңарады.
• Жазылулар тізімі «Бүгін / Ертең / күндер» бойынша топталды, ықшам әрі түсінікті.
• Ертеңгі клиентке WhatsApp-та бір басумен еске салу.
• Қателер түзетілді, жұмыс жылдамдады.